Білім • 04 Сәуір, 2020

Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысының мектептері қашықтан білім беруге дайын екенін бұған дейін хабарлағанбыз. Бастапқыда мұғалім мен оқушы арасын онлайн байланыс арқылы жалғау жоспарланғанымен, өңірдегі шалғай ауылдардың ғаламторға қосыла алмауынан бұл мүмкін болмады.

Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?

Енді облыстың барлық оқушылары телеарналар арқылы оқып, кері байланыс үшін kundelik.kz ақпараттық жүйесін қолданбақ. Ал интернет байланысы жоқ ауылдарда бұл қызметті пошташы мен еріктілер атқарады. Сондай-ақ, аймақтағы ерекше жағдайда білім беретін арнайы мектептер мен интернаттардағы білім беру барысына да өзгеріс енгізілді.

- Облыс бойынша 173 оқушы тапсырмаларды қағаз форматында алатын болады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да жете көңіл бөлінуде. Облыста 7 анайы интернат бар, оның біреуі есту қабілеті нашар балаларға арналған, тағы бірі көру қабілеті нашарларған балалаарды оқытады және 5 интернатта интеллектінде ауытқушылығы бар балалар біңлім алады. Жалпы оқушы саны – 935 бала. Бұл арнайы мектептердің алтауы қашықтан оқытуға көшеді, тек Жаркент қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған әрі интеллектінде ауытқушылығы бар балалар арналған арнайы мектеп- интернаттың 35 баласы штаттық тәртіпте оқытылады, - дейді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

Айтпақшы, облыста 41 397 педагог қызмет істейді екен. Бүгінде мұғалімдер компьпютерлік техникамен 100 пайыз қамтылған. Олардың оқушылармен кері байланыс орнатуы үшін интернетке қол жетімділігі 95 пайызға жетті. Ал ғаламтор желісі жоқ елді мекендерде тұратын 2258 мұғалім курьерлер мен волонтерлардың көмегімен жұмыс жасамақ.

- Біз елімізде карантин енгізіліп, мектеп оқушылары қашықтан оқитыны анық болған күннен бастап қарқынды дайындығымызды бастап кеттік. Ұжым болып алғаш рет WhatsApp желісі арқылы педагогикалық кеңесімізді өткіздік. Әр мұғалім тығырықтан шығар жолды іздеп, өз тәжірибелерімен бөлісу үшін тапсырмалар алды. «Кемедегінің жаны бір» демекші, заманауи техниканы меңгерген жас буын аға буын ұстаздарға өз тәжірибелерін бөлісіп, мүмкіндігінше үйретуге тырысты. Нәтижесінде мектебіміздің мұғалімдері 6 сәуірдегі сабақтарына арнап жазған видео сабақтарымен қоржындарын қамдап отыр. Жалпы алғанда, мұғалімдер қашан да ізденімпаз, көнбіс болғандықтан, бұл қиындықты еңсеруге бейімделіп қалды. Кемшіліктер мен жетіспеушіліктер де жоқ емес. Мысалы, еліміздегі интернет мәселесінің күрмеуі толық шешілмей тұр. Мұғалім дайындаған видео сабағын оқушыға жеткізу біршама ауыртпалық түсіруде. Бірақ, аудан бұл мәселені сабақ басталғанға дейін толықтай шешеміз деп отыр, - дейді Талғар ауданы Кеңдала ауылындағы 38-мектептің мұғалімі Ғабит Дайынов.

 

 

Алматы облысы