Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл жағдай барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертілген. Олар жолаушыларды қабылдауға дайындалған. Ұшақ келіп қонғаанда да қауіпсіздікті сақтау мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты. Тікелей ұшу жолағынан келген азаматтардың барлығы да автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты еліміздің 2 азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан қан талдаулары алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынатын болады. Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі де өңдеуден өткен. Ал, Қырғыз Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жіберілді.
Жамбыл облысы