Спорт • 04 Сәуір, 2020

Азия ойындарының бойтұмары бекітілді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Қытайдың Хуанчжоу қаласында алауы тұтанатын ХІХ жазғы Азия ойындарының бойтұмары ресми түрде бекітіліп, ол көпшілік назарына ұсынылды. 

Азия ойындарының бойтұмары бекітілді

Сөйтіп, Конконг, Ляньлянь және Чэнчэнь есімді үш робот екі жылдан кейін Аспанасты елінде өтетін дүбірлі доданың бойтұмары болып бекітілді. Олардың барлығы да ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы санатына енген. Ал жарыстың өзіне келетін болсақ, бұл бәсекелер 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығында өтеді.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі жазғы Азия ойындары осыдан екі жыл бұрын Индонезияның Жакарта мен Палембанг қалаларында өтті. Оған 45 мемлекеттен келген 11 644 өрен қатысып, спорттың 42 түрі бойынша 465 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалы командалық есепте 289 (132 алтын+92 күміс+65 қола) жүлде алған Қытай құрамасы жеке-дара көш бастады. Екінші және үшінші орындарда – Жапония (74+56+74) мен Оңтүстік Корея (49+58+70). Айтулы додада Қазақстанның спортшылары сәтсіз өнер көрсетіп, тоғызыншы орынқа қалып қойған еді. Жерлестеріміз 79 (15+17+44) жүлдені еншіледі.