Футбол • 04 Сәуір, 2020

Футбол: Хави қайрымдылық көрсетті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері бірқатар атақты спортшылардың қоронавируске қарсы күресте қайырымыдылық көрсетіп жатқаны белгілі. Кеше солардың қатарына Хави де қосылды.

Футбол: Хави қайрымдылық көрсетті

40 жастағы Испанияның Террасса қаласының тумасы 17 жыл бойы «Барселонаның» жейдесін киіп, католониялық клубпен бірге көптеген биік елестерді бағындырды. Ол төрт рет әлемнің ең үздік плеймейкері болып танылды. 2000-2014 жылдар аралығында Испания құрамасы сапында өнер көрсетіп, 133 рет жасыл алаңға шықты. 13 голдың авторы атанды. Әлем және Еуропаның екі дүркін чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Конфедерация кубогының екі дүркін жүлдегері деген атақтары  бар. «Еуро-2008» додасының ең үздік ойыншысына тиесілі мәртебелі сыйлықты иеленді. Сан мәрте әлем және Еуропаның шартты құрамасына енді. 2010 және 2011 жылдары әлемнің ең үздік футболшылар тізімінде үшінші орынға табан тіреді.

Хави бұл күндері Катардың «Әл-Садд» жаттықтыруда. Күні кеше айтулы азамат пен оның жұбайы Нурия Куниллераның коронавируске қарсы күреске 1 миллион евро жұмсағаны белгілі болды. Бұл қаражат Барселонадағы ауруханалардың есепшотына түсті.