Бокс • 04 Сәуір, 2020

Танымал боксшының әкесі мен әжесі коронавирустан қайтыс болды

42 реткөрсетілді

Кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген Ұлыбританияның танымал боксшысы Энтони Ярдтың бір ғана апта аралығында коронавирустен әкесі мен әжесі қайтыс болды. 

- Бір ғана апта ішінде екі бірдей жақын адамдарымнан айырылдым. Әуелі әкем қайтыс болды. Іле-шала әкем жүниеден өтті. Екеуін де аты өшкір коронавирус жалмады. Қазір отбасымызбен қан жылап отырмыз. Бұл – өте қауіпті індет. Өз бастана тимегеннен кейін көп адам COVID-19 дертін әлі де елейтін емес. Еш қажетсіз дала кезіп жүргендердің қатары қалың. Осы жағдай мені алаңдатады. Одан гөрі сақтанып, үйде жатқан жөн. Осыны айналамдағы адамдарға ұғындырғым келеді, - дейді боксшы.

28 жастағы Энтони Ярд 2015 жылдың мамыр айынан бері кәсіпқойлар арасында күш сынасуда. Сол аралықта 20 кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жетті. 18 қарсыласын есінен тандырды.

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген Ұлыбритания өкілінің тек ресейлік Сергей Ковалевқа ғана әлі жетпеді. Қос боксшы былтыр тамыз айында Челябі қаласында қолғап түйістіріп, бұл тартыс 11 раундта аяқталды.

 

 

 

 

     

 

  

        

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Майдан даласынан табылған бәкі

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Ұқсас жаңалықтар