Сөйтіп, коммуналдық қызметтерге өткен наурыз айында есептелген төлем сомалары облыс орталығында 20, аудандарда 5 пайызға төмен болмақ. Мұның ішінде электр қуатын 10 пайызға дейін кеміту туралы шара қабылданды. Тұтастай алғанда төтенше жағдай кезінде тарифтерді оңтайландыру бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпорындарға жүктелген. Соған сәйкес олар тарифтерді төмендетіп отыр.
Тағы бір атап өтерлік мәселе, сумен жабдықтау қызметі бойынша облыстың бірқатар ауданда топтық және локалдық жабдықтау жүйелері орнатылған. Су беру бағдарламасы шеңберінде осы арқылы мемлекеттік субсидияландыру жүргізілген. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген жеңілдіктер бұларға қарастырылмайды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді пайдаланатын субъектілер осы саладағы кәсіпорындарға қарыз болған жағдайда қызмет көрсетуді тоқтатпау туралы ұсынымдар жолданған.
Аталған жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен атқару көзделген. Бұл үшін 400 миллион тенге бөлінген.
Ақтөбе облысы