Спорт • 04 Сәуір, 2020

Конор Макгрегор Қытайдың тауарларын сынға алды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де күш сынасып жүрген аты шулы ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегор коронавируске қарсы күресті желеу еткен Қытай Ирландияға қымбат әрі сапасыз тауарларды жіберіп жатқанын мәлімдеді. 

Конор Макгрегор Қытайдың тауарларын сынға алды

- Бұл - мүлде ұят тірлік. Ел тұрғындары бетперде, салқындатқыш, респиратор, кислород баллондары, манитор және тағы басқа тауарлардың бағасын күрт көтергені аздай, енді Қытайдан бағасы өте қымбат, ал сапасы мүлде төмен заттар келіп жатыр. Олар ештеңеге жарамсыз. Бұл дегеніңіз барып тұрған жабайлық, - деп әлеуметтік желілер арқылы әйгілі спортшы өз ойын білдірді.