Спорт • 04 Сәуір, 2020

Баскетбол: Леброн Джеймс туралы фильм жарыққа шығады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 сәуірде «I PROMISE» деп аталатын деректі фильм жарыққа шығады. 15 сериядан тұратын фильмде даңқты баскетболшы Леброн Джеймстың жүріп өткен жеңісті жолы және оның ашқан мектебі жайында жан-жақты баяндалады.  

Баскетбол: Леброн Джеймс туралы фильм жарыққа шығады

Әр жылдары Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы (ҰБҚ) «Кливленд Кавальерс» пен «Майами Хит» клубтарында өнер көрсеткен 35 жастағы америкалық шабуылшының бағындырмаған белесі жоқ. Оның бойы – 203 сантиметр, салмағы – 134 кило. Джеймс үш рет ҰБҚ-ның жеңімпазы атанып, төрт рет сол жарыстың ең құнды ойыншысы атанды. «Жұлдыздар матчында» 16 рет ойнап, үш мәрте сол бәсекеде теңдессіз ойыншы деп танылды.

АҚШ құрамасы сапында Леброн Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, Бейжің мен Лондонда бас жүлдені олжалады. 2019 жылы «Форбс» журналы айтулы баскетболшыны ҰБҚ-дағы ең көп жалақы алатын ойыншы деп атады.

2018 жылы Леброн Джеймс өзінің туған жері – Огайо штатындағы Акрон қаласында баскетбол мектебін ашты. Жоғарыда аталаған фильмде сол мектептің тыныс-тіршілігі толықтай баяндалатын болады.