Қоғам • 05 Сәуір, 2020

Алматы: Тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындардың үйіне препараттар ақысыз жеткізіледі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралмауы үшін жан-жақты кешенді шаралар қолға алынуда. Мұның ең оңтайлы жолы көшеде және қоғамдық орындарда адамдардың бей-берекет жүруіне шектеу қою. Бұдан былай алматылық дәрігерлер емделушілерді қашықтан қабылдайды.

Алматы: Тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындардың үйіне препараттар ақысыз жеткізіледі

«Емханалардағы шұғыл қабылдау бөлімдері жұмысын жалғастыра береді. Дегенмен, қабылдаулар мен кеңес берулердің басым көпшілігі қашықтан өткізіледі» деп мәлімдеді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.  

Екпе егу жұмыстары айрықша бұйрық берілгенге дейін кейінге шегеріледі, қатты шұғыл жағдай болмаса ауруханаға жоспарлы түрде жатуға да шектеу қойылып отыр. Дәрі-дәрмекті тегін алып жүрген науқастарға дәрілік препараттар үйлеріне тегін жеткізіліп берілмек. Дәрігерлер қарт адамдардың үйлеріне барып, тексеріп тұрады. Бұдан өзге, қарт кісілерге психолог мамандар да жиі барып, карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етеді. 

 

АЛМАТЫ