Қазақстан • 05 Сәуір, 2020

Алматы: 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен тәулікте қалалық сот 19 әкімшілік істі қарады. Аудандық полиция бөлімшелеріне қалада себепсіз жүрген 21 жүргізуші жеткізілген. Бір тәулікте 6540 автокөлік тексеріліп, 14 көлік айып тұрағына қойылған.

Алматы: 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

«Бұл істер бойынша 12 адам қамауға алынып, 7 айыппұл салынды. 476-бабтың 6-тармағы бойынша көшеде себепсіз жүрген 11 тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Олардың 8-і қамауға алынып, 3 адамға айыппұл салынды. Карантин басталғалы бері Алматыда 292 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 147-сі қамауға алынса, 139 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ 6 азамат ескерту алды. Қазір қала көшелерінде 3 мың әскери қызметші мен полицейлер 997 маршрут бойынша тексеру жүргізеді. Күндізгі 11.00 мен 12.00 аралығында бақылау камералары қаланың магистральді көшелері Шығыс айналма жолы, Райымбек-Саин, Сейфуллин-Жансүгіров, Төлеби-Розыбакиев арқылы 3764 көлік өткенін түсіріп алған», - деді ПД баспасөз қызметі.

Алматыда карантиндік шараларды қамтуға барлығы 5500 адам жұмылдырылған.  26 блокпостта 208 полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр.