Қоғам • 05 Сәуір, 2020

Қасиетті орындарға виртуальды саяхат

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы жаңа ақпараттық-танымдық жоба әзірледі деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Қасиетті орындарға виртуальды саяхат

Жоба әлемдік және дәстүрлі діндер бойынша қасиетті жерлерге виртуальды саяхат деп аталады. Ол бойынша өз елімізде Әзірет-Сұлтан кесене кешеніне, басқа да қасиетті жерлерге виртуальды саяхат жасауға болады. Мысалы, бір ғана Әзірет-Сұлтан кешенінің құрамында  Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім, Есім хан, Гауһар ана кесенелері мен жерасты қылуеті кіреді.

«Сондай-ақ 3D экранымен Меккеге, Қағбаға саяхат жасауға болады. Адамдар Иерусалимдегі, Қытай мен Үндістандағы, әлемнің басқа да түкпір-түкпіріндегі киелі, қасиетті саналатын орындарды үйде отырып-ақ тамашалай алады» делінген хабарламада.