Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Қызылорда облысы: Баға да, сапа да бақылауда болуы тиіс

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар сауда нысандарының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы барған алғашқы нысан «Small» супермаркеті болды. Супермаркет басшылығына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау қажеттігі баса айтылды. Нан, макарон, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы аспандап кетпеуі керек.

Қызылорда облысы: Баға да, сапа да бақылауда болуы тиіс

Мұдан соң облыс әкімі «Сұлтан» сауда үйінде болды. Мұнда ет және ет өнімдерінің бағасы мен сапасына баса мән берілді. Нысан басшылығына қолдан жасалатын қымбатшылыққа жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Айта кетерлігі, қазір облысқа қосымша азық-түлік өнімдері сатып алынып жатыр және олар әлеуметтік дүкендер арқылы саудаланады. Сонда ғана агроөнімдердің жеткілікті қоры қалыптасады. Осы ретте, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұзын-сонар кезек мәселесін шешу міндеттелді.

Қазір облыс тұрғындарын дәріханалардағы бетперде тапшылығы мен антисептик жетіспеушілігі алаңдатып отыр. Өңір басшысы  қаладағы «Europharma» дәріханасын аралап, тиісті сала басшыларына жергілікті өндірушілер арқылы медициналық бұйымдар өндірісін арттыру тапсырылды.

 

Қызылорда облысы