Спорт • 05 Сәуір, 2020

Желаяқтардың әлем чемпионаты кейінге шегерілді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде Нидерландтың Винсхотен қаласында жалауы желбіреуге тиіс 100 шақырымдық қашықтыққа жүгіретін желаяқтардың әлем чемпионаты коронавируске байланысты кейінге шегерілді.

Желаяқтардың әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Айтулы жарыс 1984 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келген еді. Бельгияның Торхаут қаласында өткен тұсаукесер додада ерлер арасында испандық Доминго Каталан дара шықса, әйелдердың сайысына швейцариялық  Агнес Эберле шашасына шаң жұқтырмады. 

Соңғы рет әлемдік дода 2018 жылы Хорватияның Свети-Мартин-на-Мури қаласында өтті. Ерлердің бәсекесінде жапониялық Хидеаки Ямачуги алдына жан салмады. Белгіленген межеге ол 6 сағат 28 минут 05 секундта жетті. Күміс медальді Күн Шығыс елінің тағы бір мықтысы Такехико Геба иеленді. Қола медаль ОАР өкілі Бонгмуса Мтхембуге бұйырды. 

Әйелдер арасындағы тартыс жергілікті спортшы Николина Шустичтің жеңісімен аяқталды. Оның көрсеткіші – 7 сағат 20 минут 34 секунд. Германиялық Хеле-Альдер Беренс пен жапниялық Май Фудзисава екінші және үшінші сатыларға табан тіреді.