Олар бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғандар қатарында карантиндік стационарға жатқызылған екен.
«Қазір жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр» делінген әкімдіктің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында
Жалпы бүгінге дейін облыста 37 адамнан вирус табылып отыр. Қызылорда қаласында 6, Жаңақорған ауданында 16, Қармақшыда 4, Шиеліде 11 жағдай анықталған.