Спорт • 06 Сәуір, 2020

«Формула-1» додасына дайындық басталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі «Формула-1» Гран-при жарысының кезекті бір кезеңі биылғы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтуге тиіс.

«Формула-1» додасына дайындық басталды

Коронавирус детінің өршуіне байланысты үстіміздегі жылы айтулы жарыстың көптеген кезеңдері өтпей қалғаны белгілі. Солардың қатарында Аустралия, Бахрейн, Вьетнам, Қытай, Нидерланд, Испания, Әзірбайжан және Монакодағы бәсекелер бар.

Десек те, Ресей жағы «Формула-1» жарысына жан-жақты даярланып жатқанға ұқсайды. Сол жарыстың ресейлік кезеңіне жауапты маман Алексей Титовтың айтуынша, коронавируске байланысты автодромның уақытша жабылғанына қарамастан ұйымдастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Егер індет сейілсе, онда дүбірлі доданы Қара теңіз жағалауында өткізуге еш кедергі жоқ.    

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өткен дәл осы жарыста «Мерседес» көлігін тізгіндеген Ұлыбританияның әйгілі жүргізушісі Льюис Хэмилтон бас жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарды финляндиялық Валттери

Ботас («Мерседес») пен монаколық Шарль Леклер («Феррари») иеленді.