Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Азаматтарға психологиялық көмек көрсететін сайт ашылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аты жаман індетке қарсы күресте ел азаматтарын қолдау мақсатында психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылып отыр. Сайтта өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланыса алады.

Азаматтарға психологиялық көмек көрсететін сайт ашылды

«Интернет-ресурста алдын ала өтінім беру арқылы психологтар мен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сайт бетінен азаматтар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап табады», дейді Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штаб мамандары.

Психологиялық көмек көрсететін сайт – covid-19.mentalcenter.kz деп аталады.