Жауаптылар шаһардағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын күнделікті қадағалауға алдық деп отыр. Бағаны шамадан тыс шарықтатқандар заң алдында жауап бермек.
«Үкімет тоғыз тауар түрін белгілеген. Солардың бағасы белгіленген мөлшерден аспауы керек. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына прокуратура қызметкерлері, аудандық әкімдік пен полиция қызметкерлері кіреді. Аталған топ қаладағы сауда орындарына барып, бағаның шарықтап кетпеуін бақылайды. Егер заң бұзушылық анықталса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адам 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Мәселен ұнның бірінші сорты, нан, макаронның бір түрі, күріш, сиыр еті, жұмыртқаның бірінші санаты, күнбағыс майы, тұз және қарақұмықтың құны үкімет қойған бағадан аспауы қажет», дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Дамир Тазабек.