YouTube каналы арқылы облыстық филармонияның қызғылықты концерттерін, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының «Театр сіздің үйіңізде», облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайының «Шығармашылықта шекара жоқ» жобалары бойынша дайындалған қызғылықты көрсетілімдерді тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы жәдігерлермен де таныса алады. Ал, облыстық кітапхана ұжымы болса, «Жанды кітап» жобасы арқылы көркем әдебиетті құлай сүйетін оқырман қауымға қызмет етеді. Бір айта кетерлігі, кітапхана қызметкерлері өздерінің электрондық кітапханаларын үш тілде дайындапты.
– 2020 жылға дайындаған бағдарламамызды жаңа форматта толық қамтимыз,–дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова,–қалай болған күнде де замандастарымыздың талап-тілегін орындаймыз. Оған техникалық мүмкіндік толық жеткілікті.
Мәдениет пен өнер де қапылысқан қиындықты жеңуге өз үлесін осылайша қоспақ.
Ақмола облысы