Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Қызылорда: Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

1368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Қызылорда: Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Серік Әбжәліұлы 1961 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ор

Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған облысындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы кеңшар жұмысшысы ретінде бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік хатшы хатшылығының меңгерушісі және Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы қызметке дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

Серік Әбжәліұлы аймақтың ішкі саясат, жастар мәселесі, мәдениет пен спорт және жұмылдыру дайындығы салаларына жетекшілік жасап, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Бүгіннен бастап облыс әкімінің құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін орынбасары да ауысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Сүлейменов Серік Жүсіпұлы  тағайындалып отыр.

ор

Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты басшылық қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болды.