Экономика • 06 Сәуір, 2020

Қандай кәсіпкерлер салықтық рақымшылыққа ілінді?

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дағдарыс жағдайында тығырықтан шығудың тың тетіктерін тізбелеген Президентіміз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін алға тартып, әсіресе, кәсіпкерлікті қолдауға айрықша маңыз беріп отыр. Осы бастама аясында шағын және орта бизнесті салықтан босату сынды бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынғанын білеміз.

Қандай кәсіпкерлер салықтық рақымшылыққа ілінді?

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі салықтық рақымшылық нақты кімдерге арналғанын айтып берді.  

 – Төтенше жағдай  қонақ үй, қоғамдық тамақтану және туристік салаларға салқынын тигізіп отыр. Сондықтан, олар осы жылдың соңына дейін салықтан босатылды. Ал, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен айналыстаын кәсіпкерлер бұрын 12 пайыз салық төлесе, қазір ол 8-ге қысқартылды. Әуелде айтқан рақымшылық аясында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар декларациясын уақытында өткізе алмаса, оны электронды түрде сәуір айының соңына дейін рәсімдеуіне болады. Кәсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктер, тауардың құнын шарықтатпауға арналған шаралар екенін ұмытпауымыз керек, – дейді Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынгүл Қазиева.