Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Алматыда 6 мың адам әлеуметтік жәрдемақыларын алды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған алматылықтар 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдерін ала бастады. Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін жәрдемақы алу үшін 14 мыңға жуық өтініш келіп түскен болса, 6 мыңдай азамат тиісті қаржыны алып үлгерген. 

Алматыда 6 мың адам  әлеуметтік жәрдемақыларын алды

Шаһарда әлеуметтік жәрдемақыға қатысты арнайы колл-орталық үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Онда 13 адам екі ауысыммен тұрғындар сауалына жауап беріп, жәрдемақы мен азық-түлік себетін алу жолдарын түсіндіреді.

  – Аталған жәрдемақыға өтініш бергендердің басым бөлігі шағын және орта бизнесте еңбек ететін жұмысшылар, сондай-ақ, жеке тәжірибемен айналысатындар. Атап айтқанда, нотариус, адвокат пен медиатор сынды өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Мәселен олар өткен жылдарға есеп беруді ұмытып кетсе, салық мамандары аталған жеке кәсіпкердің ағымдағы есепшотын бұғаттауға құқылы. Осы тұста шұғыл шараларды қолға алдық. Атап айтқанда, біздің департтаментегі мамандар әр тұлғаның мәселесін жеке-жеке қарастырып, шешуге кіріскен, – дейді қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева.

Сондай-ақ бүгінге дейін  алматылық зейнеткерлер мен  аз қамтылған көп балалы жанұяларға 5 мыңнан астам азық түлік себеттері үлестірілді. Игі шара әлі де жалғасын тауып жатыр.