Спорт • 06 Сәуір, 2020

Биатлон: Сюнневе Сулемдал үлкен спортпен қош айтысты

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияның әйгілі биатлоншысы Сюнневе Сулемдал үлкен спортпен қош айтысатынын ресми түрде мәлімдеді.

Биатлон: Сюнневе Сулемдал үлкен спортпен қош айтысты

Келесі айдың бел ортасында 31 жасқа толғалы отырған скандинавиялық спортшы 2012-2020 жылдар аралығында әлем чемпионатында алты рет алтыннан алқа тағынып, бір мәрте қола медальді иеленді. Бұл көрсеткіштердің барлығына ол эстфеталық сайыстарда қол жеткізді. Сондай-ақ, Сюнневе Сулемдал әлем кубогы жолындағы жарыстарда 14 рет жеңіс тұғырына көтерілді.

– Спортшы ретінде көздеген мақсатымның барлығына қол жеткіздім деп ойлаймын. Өткенге еш өкпе жоқ. Бәріне де ризамын. Спорттан қол үзетін кез келді. Енді білімге бет бұрсам деймін. Биыл күзде өзім білім алып жүрген университеттің күндізгі бөліміне ауысамын. Студенттік өмірдің де өз қызығы бар. Соны да сезінгім келеді, - дейді Сюнневе Сулемдал.