Бұл есім спорт сүйер қауымға жақсы таныс. 41 жастағы АҚШ-тың Луизиана шататының тумасы әуелі еркін күрестен толағай табстарға қол жеткізді. 2002 жылы Панамерика біріншілігін ұтты. 2003 жылы Панамерика ойындарының жеңімпазы атанып, 2007 жылы сол жарыста қола медальді иеленді. 2007 жылы Бакудегі әлем чемпионатында үшінші орынға табан тіреді. 2004 және 2008 жылдары Олимпия ойындарында бақ сынады.
Еркін күрестен қол үзгеннен кейін Дэниел Кормье ережесіз жекпе-жектен күш сынасуға бел буды. 2009-2020 жылдар аралығында 25 кездесу өткізіп, соның екеуінде ғана ұтылды. 15 қарсыласын есінен тандырды. Ір жылдары ол Тони Джонсон, Джеф Монсон, Антониу Силва, Джош Барнетт, Фрэнк Мир, Рой Нельсон, Дэн Хендерсон, Александр Густафссон, Андерсон Силва, Волкан Өздемір және тағы басқа дүлей күш иелерін сабады.
Хорватияда туып-өсіп, кейіннен АҚШ азаматтығын алған Стипе Миочичпен оның жолы екі мәрте қиысты. 2018 жылдың 7 шілдесінде Кормье қарсыласын бірінші раундта ұрып жықты. Арада тура бір жыл уақыт өткеннен кейін қарымта кездесу ұйымдастырылды. Бұл жолы Миочичтің асығы алшысынан түсті. Ол отандасын төртінші раунда нокаутқа жіберді.