Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Амандығыңды ойласаң, тәртіпке бағын!

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірде коронавирус инфекциясының таралуын тежеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы онлайн брифинг өткізді.

Амандығыңды ойласаң, тәртіпке бағын!

Дәл қазір облыста індетке шалдыққан 37 адам тіркеліп тұр. Оларға хаттамаға сәйкес ем тағайындалып, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған 254 адам карантинге жатқызылды.

– Қатерлі індеттің өршуіне біздің қамсыздығымыз да аз «үлес» қосып жатқан жоқ, – деді облыс әкімінің орынбасары. – Мысалы, бойында вирусы бар бір адамның кесірінен жиырмадан астам тұрғын инфекция жұқтырған. Осыған дейін төтенше жағдай талабын бұзған 171 факті анықталып, 46 адамға әкімшілік айыппұл салынса, 52-сі қамауға алынды. Осындай алмағайып кезде өзінің, жақындарының амандығын ойламаған жандарға алда да заң аясында қатаң шара қолданылады.

Қазір облыс аумағында  35 тосқауыл бекет жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай штабы жанынан құрылған колл-орталыққа 1 сәуірден бері 9072 қоңырау түскен.