Қоғам • 06 Сәуір, 2020

Ақ желеңді жандарға арнап ән шығарды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ желеңді абзал жандарға ән арнады.

Ақ желеңді жандарға арнап ән шығарды

Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытқан қазақстандық дәрігерлер де болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап «Дәрігерлер» әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек те бұл оқиғаның өзінің эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкаға білдіру ниетіне себеп болғанын мойындады.

Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады. «Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ат салысты.