Экономика • 06 Сәуір, 2020

Экспорттық әлеуетті арттыру көзделмек

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде нарықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Осы ретте, Мемлекет басшысы экспортқа өнім шығаратын компанияларды қолдауға тапсырма берді. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы Сауда және интеграция вице-министі Азамат Асқарұлы айтып берді.

Экспорттық әлеуетті арттыру көзделмек

̶ Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ЕАЭО елдері сияқты маңызды азық-түлік тауарларының экспортына тыйым салды. Алайда қалған тауарлар бойынша экспортқа бөгет жоқ. Әлемдік сауданың өзгеріске ұшыраған қазіргі кезеңінде біздің өндірушілерде жаңа нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге Сауда министрлігі кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуде. Яғни, қолданыстағы бағыттар бойынша логистикада (шекаралық шектеулерді ескере отырып) көмек көрсету, сондай-ақ жаңа нарықты игеру көзделген. Біздің экспорттық тауарлардың өзіндік құнын төмендету мақсатында дайын өнімді тасымалдау жөніндегі шығындардың 50% - на дейін өтеледі, ̶  деді ол.

Оның айтуынша, ортаңғы компанияларды қолдау мақсатында экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды. Ол кәсіпкерлерге экспорттық мәселелерде консультациялар ғана емес, әлсіз және күшті жақтарды терең талдау, сараптамалық бағалау және экспортқа шыққанға дейін толық сүйемелдеуді тегін негізде алуға мүмкіндік береді.  Жалпы алғанда экспорттаушыларды қолдау саясаты бүгінгі күні тоқтатылған жоқ.