Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Күшейтілген режімге көшірілді

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға алғашқы күннен бастап Қарулы күштер, соның ішінде әуе қорғаныс күштеріде белсенді түрде қатысуда. Нәтижесінде әскери ұшқыштар да күшейтілген қызет режіміне көшірілді.

Күшейтілген режімге көшірілді

Олар алға қойылған міндеттерді орындауға үнемі дайын. Қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда, күндіз және түнде жолаушыларды, жүктерді тасымалдауға тиісті рұқсаты бар ұшу экипаждарының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай кезінде өздерінің жауынгерлік дайындығын әскери-көлік авиациясының экипаждары көрсетті. Жақында С-295 ұшақтарында дезинфекциялау, блок бекеттерде кезекшілікті атқару, елді мекендерді патрульдеу міндеттерін орындау үшін Құрлық әскерлері мен арнайы жүктердің жеке құрамын Луговой және Жетіген гарнизондарынан Орал, Қостанай және Петропавл қалаларына ауыстыру қолға алынды. Әскери ұшқыштар 350-ден астам әскери қызметші мен 10 тоннадан астам жүк тасымалын жасады.

– Біздің бөлімнің авиациялық техникасының техникалық және жауынгерлік жағдайы, сондай-ақ экипаждың дайындығы қойылған міндеттерді тәулік бойы және кез келген метеожағдайларда орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні біздің авиациялық базада төтенше жағдай кезіндегі міндеттерді орындау үшін әскери-көліктік және әскери авиацияның дайындалған ұшу құрамдары бар. 24 сағат бойы әскери ұшқыштар алғашқы бұйрық бойынша Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған міндеттерді орындау үшін ұшуларды жүзеге асыруға дайын, – деді 53975 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұрлан Байдулаев.

Сонымен қатар, әскери-көліктік авиацияның күшімен елге Қарғызстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы мен Кувейттен отандастарымыз, соның ішінде шет мемлекетте ем қабылдап жатқан балалар эвокуациаланды.

Кенеттен туындаған міндеттерді орындауға әзірлікті ұстап тұру, сондай-ақ ұшу шеберлігінің деңгейін арттыру мақсатында тіпті төтенше жағдай режімі кезінде де оқу-жаттығу ұшулары тоқтатылмайды. Ұшқыштар аптасына үш рет тиісті жаттығулар мен нормативтерді қамтитын ұшуларды орындайды. Әрбір ұшудың алдында ұшу алды бақылау дайындығы мен ұшу алдындағы нұсқаулар жүргізіледі.

Жауынгерлік дайындықпен қатар, әскери ұшқыштар мен авиа-мамандардың денсаулық жағдайы да бақылауда. Олар коронавирус симптомдарымен және санитарлық-гигиеналық нормалармен танысқан. Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшу және инженерлік-техникалық құрамдар күн сайын медициналық тексеруден өтеді.

Әскери медицина қызметкерлері мен биологиялық қорғау бөлімшелері авиациялық техниканы, казармалық үй-жайларды, оқу сыныптарын арнайы ерітінділерімен күнделікті санитариялық және дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.