Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондары әскери полиция жасақтарының әскери қызметшілері Ұлттық Ұлан және полиция бөлімшелерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында патрульдеуге қатысады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Бірлескен патрульдеу – бұл карантин кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара саналады. Əскери полицияның жасағы карантиндік аймақтың аумағы бойынша ұйымдастырылған блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді, қоғамдық орындарды патрульдейді және әскери автокөлік лектерін сүйемелдейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып, «құқық бұзушылықтың, ең алдымен ұрлық, тонау, биліктің заңды талаптарына бағынбау фактілерінің өсуіне жол бермеуге болмайды» деп тағы да атап өтті.