Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қызылорда: Дертке шалдыққандар саны күрт өсіп кетті

1280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 13 жағдайы тіркелді. Науқастардың барлығы Шиелі ауданынан анықталып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.

Қызылорда: Дертке шалдыққандар саны күрт өсіп кетті

Бұлардың барлығы осыған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғандар. Қазір науқастар аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ем алуға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша жағдайлары тұрақты.

Осымен облыста бойынан коронавирустық инфекция табылғандар саны 50 адамға жетті. Олардың алтауы Қызылорда қаласынан, 16-сы Жаңақорған, төртеуі Қармақшы, ал 24-і Шиелі ауданынан.