Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
(Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінен)

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Әлемге аса қауіпті коронавирус атты індет Жер шарына күн сайын жайылып барады. Біздің елге де келіп жетті, шығын да бар. Енді не де болса, осынау індетті бірлесіп жеңуге тиіспіз, тіпті міндеттіміз!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізуі және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қатар, басқа өңірлерде де карантин жариялануы батыл әрі қажетті шара еді. Халықты аман сақтау міндетін діттеген бұл шаралар ел ішінде толық қолдауға ие болып отыр. Және де Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен арнайы қордың құрылуы да коронавирусқа қарсы тұтас ел болып қарсы тұрудың батыл қадамы.
Бүгінде осы адам баласының ақылы мен парасатын жегі құрт болып жеп, рухани жағынан жүдетіп, аздырып та тоздырып жатқан қауіпті тағы бір індет бар ма деп те ойланамыз. Бәлкім, ол жан індеті шығар! Сол жан індетінен қалай айығамыз?! Осы біз дүниенің арбауына түсіп, өзіміздің адам екенімізді де ұмытып кетуге айналған жоқпыз ба?! Бұған дәлел, әріге бармай-ақ біздің әке-шешелеріміз өз айналасына ешкім айтпай-ақ, үкіметтің қаулысынсыз-ақ, қайырымдылық қорларын құрмай-ақ, ешкімге жарияламай, жарнама жасамай-ақ өздері қолдарынан келгенше жақсылық жасап жатпаушы ма еді?! Енді қайырымды болуды, кемтарға қолұшын беруді, көмек көрсетуді айту керек, сол үшін жиын өткізу керек, қаулы шығарту керек... Адам екенімізді ұмытып кеттік пе дейтінім осыған орай айтылып отыр.
Жаратқанның адам баласын озбырлықтан, зорлық-зомбылықтан, дүниеге тойымсыздықтан соңғы рет сақтандырып отырғаны ма екен әлде бұл!? Біз, бәлкім, енді өмірге басқаша қарайтын болармыз. Өмірдің қымбат екенін ұғына түсерміз! Алпауыт мемлекеттер де адам баласының өміріне жауапты екендіктерін тереңірек сезіне түсер. Қақтығыстар, соғыс дегеніңіз тыйылар! Жер бетіндегі адам баласының барлығының бақытты болуына хақылары бар екендіктерін ұғынар билеушілер мен саясаткерлер. Қамшының сабындай қысқа ғұмырыңда дүниенің бар байлығын жиып алып, бауырыңа басып жата алмасыңды да ұғынармыз, бәлкім.
Қолымызға тиген билік пен байлықтың қызуымен есіре жүріп, Құдайын танымай кетуге айналған адам баласын бір оқ шығармай-ақ жойып жіберуге болатынына әлемді алаңдатып отырған мына коронавирус айқын көз жеткіздіре түскендей! Тіпті ендігі арада шынжыр табанды танктің де, зымыраныңның да, әлемнің кез келген нүктесіне әп-сәтте жететін атом бомбасының да қажет болмауы мүмкін...
Дүние жаралғалы адам баласы бірімен-бірі жауласып жатқанын да не етерсіз?! Сол жаулықтың қашан бітері әлі де беймәлім. Жер беті адам қанына да суарылған алапат қырғынды соғыстар да өтті. Тағы да соғысамыз деп қаруын сайлап және де сол қарудың небір жаңа түрлерін жасап шығару әлі де жалғасып жатыр. Дүниенің астан-кестеңін шығаратын қуатты қаруларын жұмсауға батылдары тағы да жетпей отырған алпауыт елдер адамзатты жер бетінен жоюдың бір құралы – бактереологиялық қаруды да «іске» қосудан тайынар емес. Иә, бактереологиялық қару қолдануға тыйым салынған. Алайда халықаралық талаптың орындала қаларына сенім бар ма?
Қазір ғылыми лабароторияларда түрлі қатерлі індет тарататын микробтар, вирустар бар екендігі жасырын емес. Адам баласын сеспей қатыратын індеттерді бақа-шаянға және неше түрлі жәндіктерге егіп, сынап көру де жетілдіріліп келе жатқаны анық. Өз мемлекетінің қауіпсіздігін қорғау үшін осындай қадамға бара отырып, тұтас адамзаттың өмірін қатерге тігуге бола ма екен? Адам баласының ақыл-парасаты қайда? Жанымыздың індетке ұшырағаны да осы емес пе екен?!
Әрине адам баласы соның ішінде біздің халқымыз да бұл індетті аман-сау жеңер де, өтер де бұл кеселден. Бірақ осы коронавирустың жалпы адамзатқа тигізген кесірі мен кеселі, опаты мен апаты бізге өмір бойы сабақ та болатын жайы бар екендігін ұға алсақ етті. Әлмисақтан бері мұсылман қауымының өлген кісіні жерлегеннен кейін ешқайда соқпай, бірден тек өз үйлеріне ғана қайтатыны да, үйге келісімен дәреттеніп, киген киімдерін қағып-сілкіп тазаланатыны да түрлі індетті таратып алмаудың бір тамаша өнегесі екен-ау!
Қу дүние үшін таңның атысынан күннің батысына дейін жанталасар адам баласы коронавирустың өте қауіпті екенін енді ұғына бастағандай. Соның ішінде біз де бармыз. Бұл індет адам баласына қауіп төндірген індеттің соңғысы болса бір сәрі. Қазір әлем ғалымдары мәңгілік мұздықтардың еруі және климаттың күрт өзгеруіне байланысты адамзат бұрын-соңды білмеген, ғылымға беймәлім індетке кезігетінін көптен айтып та келеді. Және де біздің кез келген қалаларымыздағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері қысы-жазы борсыған судан бір құрғамайтыны да, жаз болса масаның, түрлі құрт-құмырсқаның, тышқандар мен егеуқұйрықтардың жайлы мекендеріне айналғаны да жасырын жай емес. Көшелердегі жуынды мен тамақ қалдықтары тасталатын жерлерде егеуқұйрықтардың еркін жорғалайтынын да көріп жүрміз. Тіпті егеуқұйрықтың ауылды жерлерде де көбейіп бара жатқандығы алаңдатады. Міне, осы жайлардың өзі біздің небір қатерлі індеттің үстінде өмір сүріп жатқанымыз емес пе? Қазақстан қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің антисанитарлық жағдайына ендігі арада көңіл бөлу аса қажет деп санаймыз. Осы іске деген жауапкершілікті арттыру үшін Үкіметтің тиісті қаулы қабылдағаны да артық болмас еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Адамзаттың тағдыры ғалымдардың қолында» деген аталы сөз айтты. Бұл біздің елімізде ғылым мен ғалымдардың жағдайына ендігі арада өзгеше көзқарас қалыптасар деген сенім ұялатады. Президенттің ғылым мен ғалымдардың жағдайына көңіл бөле бастауын қуана құптаймын. Біз бір мезеттік атақ-даңқ үшін қаржыны легионер футболшыларды сатып алуға, басқа да бір алаулы-жалаулы дүниелерге есіре жұмсаймыз. Ендігі арада ғылымды, талантты ғалымдарды қолдауға, вирусолог ғалымдар мен мамандарды даярлау ісіне барынша көңіл бөлуге тиістіміз. Қазақстандағы санитарлық және гигиеналық жұмыстардың қазіргі жайы мен жағдайы мемлекеттік деңгейде қайта қаралып, осы саланы барынша нығайтуға күш салынуы тиіс. Және де түрлі эпидемиялық жағдайда киетін бетперде, қорғаныс киімдерін шығару, дезинфекция жасауға қажетті дәрі-дәрмектерді жасап, өндіру ісін, инфекциялық осы заманғы ауруханалар салуды ендігі арада тұрақты жолға қойған дұрыс болар еді деп ойлаймыз.
Қазақ – құдайы халық. Бұл індеттен де аман-сау өтетінімізге сенімдімін. Тек тәртіп, тазалық, төтенше жағдайдың талаптарын сақтай білуіміз шарт!
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі
КӨКШЕТАУ
Сарыағашта құтқарылған тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Польшада 13 боксшымыз қарсыластарын жайпап келеді
Спорт • Бүгін, 14:02
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 13:37
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:22
ІІМ Қазақстан жолдарына қатысты адам шошырлық дерек айтты
Қоғам • Бүгін, 13:10
Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды
• Бүгін, 13:07
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қоғам • Бүгін, 12:59
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Аймақтар • Бүгін, 12:58
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 12:41
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар