Спорт • 07 Сәуір, 2020

ММА: Фергюсонға қарсы Гэтжи шығады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 сәуірде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ережесіз жекпе-жектен өтетін турнирде ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтың орнына америкалық Джастин Гэтжидің шығатыны жайында UFC басшылары ресми түрде мәлімдеді.  Ал спортшы жайында біз не білеміз?

ММА: Фергюсонға қарсы Гэтжи шығады

31 жастағы АҚШ-тың Аризона штатының тумасы жеңіл салмақтағылар арасында UFC рейтингінде төртінші орында тұр. Спорттық карьерасын 2011 жылдың тамыз айында бастаған ол сол кезден бері 23 кездесу өткізіп, 21 рет жеңіс тойын тойлады. Гэтжи тек өзінің отандастары – Эдди Альварес пен Дастин Порьеден ғана ұтылды. Соңғы үш жекпе-жегін Джастин жеңіспен аяқтады. Бұл ретте Джеймс Вик, Эдсон Барбоза және Дональд Серронеден басым түсті.  

Нью-Йорктегі жекпе-жек кешінде Джастин Гэтжи Тони Фергюсонмен айқасады. 36 жастағы Калифорния штатының тумасы күні бүгінгі дейін 28 рет октагонға шығып, 25 рет жеңіске жетті.