Ауру жұқтырғандардың үшеуі облыс орталығынан, олар науқас адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал 1 жағдай Сырдария ауданында тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласынан жақында келген ол провизорлық стационарға бақылауға алынған екен.
Қазір науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.