Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Тербеліс Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта тіркелген. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым қашықтықта, Алматы облысының аумағында қазақ-қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8,6. MPV магнитудасы – 3,4. Тереңдігі – 25 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.