Қарттар үйі Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында орналасқан . Осында 73 жасар қария сәуірдің 4 күні көз жұмған болатын. Іле орталықтағы адамдардың барлығынан анализ алынды. Қазір 19 адамның індет жұқтырғаны белгілі болып отыр. Олармен 216 адам қарым-қатынас жасаған.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше қазір әлеуметтік орталықта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.