Кездесуге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қатысты. Кездесу барысында ауруханада атқарылып жатқан жұмыстардың жүзеге асырылуы, дифференциялдық еңбекақы, сыйақы және басқа да ынталандыру төлемдерін жүргізу, жеке қорғану құралдарымен, атап айтқанда, медициналық маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласының аумағындағы карантин кезеңінде басқа қалалардан келген қызметкерлердің тұруы жөнінде бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді.
Медициналық ұжыммен өткен жиында барлық мәселелер қаралды. Талқылау барысында гемодиализ бөлімінің аға медбикесі З.Ахметова, дәрігер-травматолог Е.Мұратбек, травматолог-ортопед М. Жұмағұлов, дәрігер-сарапшы Е. Сүгір мен басқа да мамандар ұсыныс-тілектерін жеткізді.