Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Соңғы 50 жылда әлемде суармалы жерлердің көлемі 2,2 есеге артты - М. Мырзағалиев

229 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды. Геология, экология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев пен ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы 50 жылда әлемде суармалы жерлердің көлемі 2,2 есеге артты - М. Мырзағалиев

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Өткен жылы сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м 3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Геология, экология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев хабарлағандай, соңғы 50 жылда әлемде суармалы жерлердің көлемі 2,2 есеге артты. Осының арқасында осы жерлерде гектардан алынатын өнім 40%-ға өсті. Азиялық аймақта бұл көрсеткіш елеулі көтерілді, әсіресе, Қытай мен Үндістанның қосқан үлесі басым болып тұр.

«Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметі бойынша, 2050 жылға қарай әлемде суармалы жерлердің көлемі 6%-ға өседі, бұл ретте суармалы жерлерде 1 гектар жердің өнімділігі 38%-ға артады. Сумен қамтамасыз етуді арттыру және қалпына келтіру үшін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары бойынша көлемі 492 мың гектар суармалы жерлерде тиісті жобалар іске асырылуда. Олар қаржыландыру көздеріне байланысты 4 бағытқа бөлінген. Жалпы сомасы 274 млрд теңгені құрайды», — деді М. Мырзағалиев.

2022 жылдың соңына дейін 6 785 километр канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылық нысандары салынып, әрі қайта жаңартылады.

Барлығы 88 мың жұмыс орны құрылады. Соның ішінде, 11 мың жұмыс орны құрылыс кезінде пайда болады. Бұдан басқа, бұл құрылыс материалдарын өндіру, технологиялық жабдықтар мен техниканы жеткізу бойынша аралас салалардың жұмысын жандандыруға қосымша мүмкіндік береді.

«Ең бастысы, қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу барысы ауылшаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Осы жерлердегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылына 165 млрд. теңгені құрайды. Ол өз кезегінде сауда, өнімді қайта өңдеу, мал шаруашылығы салаларында мультипликативтік әсер етеді», — деді геология министрі. 

Осылайша, Дүниежүзілік Банктің займі арқылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістаноблыстарында жерді суару үшін инфрақұрылым қалпына келтіріледі. 105 мың гектар жердегі тиісті жұмыстар 2021 жылдың соңына дейін аяқталады. 2,5 мың километр каналдар, 2 мың километрден астам коллекторлық-дренаж желісі, 221 дренаж ұңғымасы және 20 мыңға жуық өзге де су шаруашылық нысандары салынып, қайта жаңартылады.

«Құрылыс кезінде 2 жарым мың жұмыс орны құрылады. Ал аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығында тұрақты 20 мың жұмыс орны құрылады. Өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің жыл сайынғы көлемі 60 млрд теңгені құрайды», — отметил М. Мырзағалиев.

Еуропалық және Ислам Қайта Құру және Даму банктерінің займдері арқылы 128 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі 2020-2022 жылдары ұлғайтылады және қалпына келтірілетін болады. Бұл жерлер Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында шоғырланған. Жобаны іске асыру шеңберінде 47 насос станциясы мен 91 километр құбыр желісі салынады, 3 мың километр каналдар мен 302 дренаждық құдық қалпына келтіріледі.

Геология, экология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, жобаны іске асыру 57 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның 4 600-і құрылыс кезеңінде құрылса, ал 52 500-і тұрақты жұмыс орны болады.

Осы жерлерде жылына 105 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өсірілетін болады.

Жұмыспен қамту жол картасы және 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан 260 мың гектар суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру көзделген.

«4 су қоймасында, 4 су торабында, 18 дренаж ұңғымасында және 487 километр суару каналына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Барлығы 8,6 мың жұмыс орны құрылады. Құрылыс кезінде 3 800 жұмыс орны, ал жоба аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы саласында — 4800 жұмыс орны ашылады», — деді М. Мырзағалиев.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында суармалы жерлердің көлемін тағы 1 млн гектарға ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты жаңа су қоймаларын салу арқылы қосымша суару көздерін құру қажет. 2030 жылға дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 28 су қоймасының салынуы болжанылып отыр. Осы су қоймалары 3,8 куб.километр көлеміндегі суды жинауға мүмкіндік береді және оған 470 мың гектар суармалы жерлерді қосуға болады.

Бұл ретте 12 су қоймасын тек суару үшін ғана емес, сонымен қатар, 70 елді мекендегі су басу қаупін жою үшін де пайдалануға болады. Су қоймаларының құрылысы ауыл шаруашылығында жаңадан тұрақты 29 мың жұмыс орнын іске құруға мүмкіндік береді.

Биылғы вегетациялық кезеңге дайындық

Ағымдағы жылға арналған гидрологиялық болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында су аз болады деп күтілуде.

«Біз тиісті шаралар қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестелері қайта қаралып, әзірленді. Осы жұмыс кестелерін дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды. Қызылорда, Түркістан облыстарында бұл жұмыс әрі қарай белсенді жалғасуда», — деді геология, экология және табиғи ресурстар министрі.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр канал бетонмен қапталды.

«Сонымен бірге, көрші мемлекеттерде де су тапшылығы байқалып отыр. Бұл ретте олардан бізге қажетті су көлемі келмей қалады деген қауіп бар. Өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда – Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су түсуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультациялар өткізу жоспарланған», — деп түсіндірді М. Мырзағалиев.

Су шаруашылығы балансындағы ауыл шаруашылығының үлесі 67%-ды құрайтынын айта кеткен жөн. Қазақстан суы тапшы елдердің қатарында. Сонымен қоса, пайдалануға болады деген су көлемінің азаю қаупі тұр. Осы орайда, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту тек су үнемдейтінт технологияларды енгізу есебінен ғана мүмкін.

Барлық айтылған іс-шаралар жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығында қосымша тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, су тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды төмендетуге қол жеткізеді.

Мәселен, ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың орташа өлшемді нормасы 8,6 мың куб метр гектарына болса, 1,5 млн гектар жерді суару үшін жылына 12,3 куб километр су жұмсалады. Іске асырылып жатқан шаралар есебінен суарудың орташа нормасы 6 куб метр гектарына дейін төмендегенде, 2 млн га жерді суара аламыз. Ал орташа суару нормасының 5 мың м3/га дейін төмендеуі су алуды едәуір ұлғайтпай-ақ ауыл шаруашылығы айналымына қосымша 1 млн га суармалы жерді пайдалануға беруге мүмкіндік тудырады.

«Дегенмен, қабылданған шаралар жеткіліксіз. Сонымен қатар нақты алқаптың өзінде су шығынын азайтуға қол жеткізу қажет. Тамшылатып, жаңбырлатып суару және жерді жоспарлаудың жаңа технологиялары сияқты суарудың түрлері су тұтынуды дәстүрлі суарумен салыстырғанда 33%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы судың әлеуетті өнімділігі артады, яғни 1 шаршы метр жұмсалған суға өнімнің шығуы 2,5 есе артады», — деді М. Мырзағалиев.

Мысалы, қазір күріш үшін гектарына 24 мың м3 су жұмсалады. Күріш чектерін жоспарлаудың және су басусыз суарудың жаңа технологияларын қолданған жағдайда бұл норма 16 мың м3/га дейін төмендеуі мүмкін.

Сондай-ақ тәуекелдер жағдайында ылғал шығыны аз және неғұрлым рентабельді етіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды жүргізу қажет.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров суармалы жерлерде егілетін дақылдар құрылымында дәнді масақты дақылдар – 25,6%, азықтық дақылдар – 26%, мақта – 9,3%, майлы дақылдар – 6,6%, күріш – 6,2% ауқымды үлеске ие.

«Қазіргі уақытта суармалы жерлерде негізгі үлесті бидай мен арпа сияқты дақылдар алады. Тәлімі дақылдардың үлесін төмендету және көкөніс-бақша дақылдары мен азықтық дақылдарға көшу арқылы алаңдарды әртараптандыру жұмысын жүргізуі қажет», — деді С. Омаров.

Суару түрлері бойынша жағдай келесідей: суармалы жерлердің 79,2%-ы жер үсті суарумен, 6,8%–ы жаппай су басумен, 3,3%-ы тамшылатып суарумен, 10,7%-ы жаңбырлаумен қамтылған.

Тамшылатып мен жаңбырлату суару сияқты суарудың қазіргі заманғы әдістері тек 210,4 мың га алаңда немесе суармалы жерлердің 14%-ында ғана қолданылады. 

Сондықтан, суару кезінде ылғал үнемдеуші технологияларды қолдану үлесін арттыру өзекті мәселе болып табылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи ылғал үнемдегіш технологияларын енгізуге ынталандыру мақсатында инвестициялық субсидиялау қолданылады, ол келтірілген инвестициялардың 50%-ын өтеуді, сондай-ақ фермерлерді оқыту және білімді тарату, оның ішінде америкалық «Valmont» компаниясымен құрылатын демонстрациялық фермалар желісі арқылы таратуды көздейді.

«Әрине, суармалы егіншіліктің артықшылығы айқын. Қазіргі заманғы суару жүйелері қымбат болса да олар жалпы жиналымды ұлғайту есебінен егіншіліктің осы түрін инвестициялық тартымды етеді», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Мемлекет басшысы алға қойған жоғары рентабельді дақылдарға көшу, импорт алмастыру және суармалы жерлердің алқаптарын 2030 жылға дейін 3 млн га дейін біртіндеп жеткізу жөніндегі міндеттер шеңберінде егіс алаңдарының құрылымы әзірленді. Бұл құрылым іске асыру үшін облыс әкімдіктеріне жеткізілді.

Жалпы, суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігі жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналымының өсуі және жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету болады.

«Мысалы, болжанып отырған 20 мың га алаңға жаңа бақтар отырғызу бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде алмамен өзі-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік туады», — деп түйіндеді ауыл шаруашылығы министрі.