04 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

*Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылады. Онда қылқалам шеберінің 1930-1990 жылдар аралығындағы 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылары келушілер назарына ұсынылатын болады.

* Атырау облысының Қызылқоға ауданында бруцеллезге шалдыққан 900 қой мен ешкінің көзі жойылды. Шығын келген мал иелеріне облыстық бюджеттен 2 млн. теңге бөлінді.

* Алматы қаласындағы «Атакент» кешенінде құрылыс тауарларының көрмесі ашылды. Оған АҚШ, Канада, Германия, Австрия сынды елдердің күн сәулесінен және желден қуат алатын жаңа технологиялық құрал-жабдықтары қойылды. Бұл көрме 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

* Қыркүйектен бастап республика мектептерінде «Қазақ елі» пәні оқытыла бастады. Бұл пән оқушыларды елжандылыққа және тарихымызды білуге тәрбиелейді.

* Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдық округтердің жолдары кезең-кезеңімен жөндеуден өткізілуде. Ол үшін республикалық бюджеттен 58,1 млн. теңге бөлінген.

* Қарағандылық археологтар облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру үстінде. Олардың жемісті еңбегі нәтижесінде Байдалы би Бекшеұлының кесенесі табылды. Кезінде ол жұрт төрелігіне бас иген дуалы ауыз шешен болған.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.