Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Харам ниет індеті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас пайдасын көздеген алаяқтардың арамза қылығы коронавирус індетінен де қорқынышты.

Харам ниет індеті

Әрине індет қорқынышты. Әйтсе де, осы сәтті пайдаланып бейкүнә адамдарды алдап пайда таппақ болған алаяқтардың әрекеті одан да қорқынышты. Жарқайың ауданының 35 жасар тұрғыны интернет арқылы 600 медициналық маска сатып алмақшы болған, ақшасын да аударып қойған.  Ақша аударғаннан кейін маска сатамын деген алааяқ хабарсыз кеткен.

Қазіргі күні осы безбүйрек оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елдің қатерлі  індеттен қабырғасы қайысып отырғанда дәл осындай әрекетке барған алааяқтың елу бір мың теңгеден байып кетпесі анық.  Жан шошытарлық жай, осындай қадамға барғаны. Несін айтасыз, коронавирустен қара ниеттердің ниеті қорқынышты болып тұр.

 

 

Ақмола облысы