Коронавирус • 07 Сәуір, 2020

Алматыдағы науқастардың жағдайы баяндалды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелген.

Алматыдағы науқастардың жағдайы баяндалды

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 99 науқас бар, оның ішінде төртеуі бала. Осы уақытқа дейін үш жаңа жағдай анықталды, олардың барлығы науқастанғандармен байланыста болып жұқтырған азаматтар. Бұл 1975 жылы туылған ер адам және 1962 және 1964 жылы туылған екі әйел.

Ер адамның жай-күйі - орташа ауыр деп бағалануда, тексеру кезінде пневмония анықталды. Әйелдердің жай-күйі –қанағаттанарлық. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылды. Мегаполисте емделіп жазылғандардың саны барлығы – 21.

80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациентте – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде. Провизорлық орталықтарда 318 адам бар, оның ішінде 35-і бала. Тек кеше ғана провизорлық орталықтардан 203 адам емдеуден шығарылған, оның ішінде 44-і бала. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған. Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39-ы бала, үй карантинінде – 5144 адам.