Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Көкшетауда «Асептдезин» шығарылады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық қамын ойлаған кәсіпкерлер өз кәсіпорындарына келер шығынға қарамастан бүгінгі күні аса қажетті  жаңа өнім шығаруды қолға алып отыр.

Көкшетауда «Асептдезин» шығарылады

Ел ішінде етек алып келе жатқан індеттен арашалайтын қорғаныс құралдарының тапшы екендігі белгілі. Облыс орталығындағы  «Көкшетау минералды сулары» серіктестігі антисептик үлгісіндегі  вирустан қорғайтын жаңа өнім шығара бастады.

Кәсіпорын басшыларының айтуына қарағанда, жаңа өнім шығару біршама қиындық туғызады. Алдымен қосымша қаражат қажет. Бұрын мұндай өнім шығармағандықтан құрал-жабдықты жаңғыртуға тура келеді.

–Әйтсе де, отандастарымыздың денсаулығы бәрінен қымбат, – дейді жаңа өнімді шығарушылар.

«Асептдезин» құрамында спирті бар жаңа өнім. Ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша дайындалып отыр. Өнімнің құрамындағы спирт құрамы 70 проценттен кем емес. Теріні жұмсарту үшін глицерин қосылған.

Кәсіпкерлердің ел жайын ойлаған жақсы ниетінен туған оңды ой сәтімен сабақталып, жаңа өнім жамағатқа жол тартты.