04 Қыркүйек, 2013

Астанадағы Қытай жәрмеңкесі

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 Кеше Астанада Қытайдың сыртқы сауда орталығының бастамасымен конференция болып өтті. Ол Кантон жәрмеңкесінің 114 рет өткізілуіне арналды. Шараға қаты­су­шы­ларға Қытайдағы ең ірі сауда көрмесінің ерекшеліктері туралы әңгімеленді.

Кеше Астанада Қытайдың сыртқы сауда орталығының бастамасымен конференция болып өтті. Ол Кантон жәрмеңкесінің 114 рет өткізілуіне арналды. Шараға қаты­су­шы­ларға Қытайдағы ең ірі сауда көрмесінің ерекшеліктері туралы әңгімеленді.

Тұсаукесер рәсіміне Қытай­дың сыртқы сауда орталығының вице-президент іСюйБин бас­таған орталық өкілдері келді. Ал Қазақстан тарапынан елдегі ірі мекемелер мен ұлттық ком­паниялардың, сондай-ақ мем­ле­кеттік органдар мен Астана қа­ласының әкімдігі өкілдері қатысты. Кездесу барысында Қы­тай мен Қазақстан компания­лары экономиканың түрлі сала­лары бойынша бірқатар келісім­шарттарға қол қойды.

Негізі, Қытайдың импорттау және экспорттау бойынша көрмесінің 114 сессиясы үс­ті­міздегі жылдың 15 қазаны мен 4 қарашасы аралығында өтеді. Азиядағы ең ірі, ал әлемде үлкен­дігі жағынан үшінші орынды иеленіп тұрған «Пачжоу» көрме орталығы Қытайдың Гуанчжоу провинциясында орын тепкен.

Кантон немесе Қытай жәр­меңкесі аталып кеткен бұл шара – көрші елдегі ең үлкен сауда көрмесі. Оны негізінен Қытайдың басты өндіріс сөресі және сыртқы саудадағы барометрі деп атайды. Жәрмеңке аталған провинцияда жылына екі рет, яғни көктемде және күз айларында өткізіледі. Әр сессия 3 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысына 150 мыңнан астам өнім үлгілері қойылады екен. Нәтижесінде, жәрмеңке жыл сайын әлемнің әр шетінен 200 мыңнан астам кәсіпкерді жинайды. Олардың өзара жасаған келісімдері ондаған млрд. долларға бағаланады.

Осы жылдың көктемінде өт­кен жәрмеңкенің 113-сессиясын­да көрме алаңы 1,16 млн. шаршы метрді құрапты. Ондағы стен­ділердің жалпы саны 59 531 болса, оның 58 631-ін Қытайдың өз кәсіпорындары иемденген. Сон­дай-ақ, қатысқан 24 746 үлгінің 24 184-і көрші елдің ұлттық павильонында жайғасқан.    

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар