04 Қыркүйек, 2013

Президент тапсырмалары Мәжіліс депутаттары назарында

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығ­ма­ту­лин­нің төрағалығымен үшінші парла­менттік сес­сия­дағы Мәжілістің алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы па­ла­таның баспасөз қыз­меті.

Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығ­ма­ту­лин­нің төрағалығымен үшінші парла­менттік сес­сия­дағы Мәжілістің алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы па­ла­таның баспасөз қыз­меті.

Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің үшінші сессиясының ашылуындағы тапсырмалары талқыланды. Елбасы айқындап берген жаңа тапсырмалар бойынша заң жобаларының үлкен бір тобы қалыптастырылып, палата алдағы жалпы отырыста қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болды.

Олардың ішінде алғашқы кезекте: «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» еліміздің басты қаржы құжатына қатысты заң жобалары бар.