04 Қыркүйек, 2013

Хатшылар кездесті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Қ.Қожамжаровтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжамен кездесуі өтті.

Кеше Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Қ.Қожамжаровтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжамен кездесуі өтті.

Н.Бордюжа тәжік-ауған ше­ка­ра­сындағы ахуалды зерттеу бойынша Сарапшылар тобы қызметінің қо­рытындылары туралы хабардар етті.

Кездесу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына материалдарды әзірлеу, ҰҚШҰ-ның әскери бағытының тиімділігін арттыру, оның ішінде ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерін жабдықтау мәселелері, сонымен қатар, аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Кездесу шеңберінде Ұйымның кейінгі қызметіне қатысты өзге де мәселелер қарастырылды.