Спорт • 07 Сәуір, 2020

«Барыстың» қақпашысы үздіктер қатарында

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Матч ТВ» порталы қазіргі кезде Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынап жүрген «ТОП-10» қақпашының тізімін жариялады.

«Барыстың» қақпашысы үздіктер қатарында

Үздіктер санатына Эдуард Паскуале де енген екен. Нұр-Сұлтанның «Барысында» өнер көрсететін ол 46 кездесуде өз командасының 24 рет жеңіске жетуіне үлес қосты. Қақпаға бағытталған соққылардың 93,0 пайызын кері қайтарды. Осы қуанышты хабарды естігенде: «Әрине, үздіктер қатарынан көріну мен үшін үлкен құрмет. Осы жайттың өзі еңбегімнің бағаланғанын байқатады. Бірақ мен қандай да мақтауға бола тоқмейілісуден аулақпын. Алда әлі алынбаған белестер көп. Мен сол биіктерден көрінгім келеді. Сол себепті де әлі де көп жұмыс істеу керек», - деп Паскуале ағынан жарылды.

Сонымен қатар «ТОП-10» қақпашының қатарында Илья Сорокин (ЦСКА), Юха Метсола (Салават Юлаев), Тимур Билялов (Ақ Барс), Иван Бочаров («Динамо» Мәскеу), Александр Самонов (СКА), Якуб Коварж («Автомобилист»), Харри Сятери («Сибирь»),  Адам Рейдеборн («Ақ Барс») және Янис Калниньш («Йокерит») сынды саңлақтар бар.