04 Қыркүйек, 2013

Франция елшісін қабылдады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төр­аға­­сы Қайрат Мәми Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Жан-Шарль Бер­тон­эмен кездесті, деп хабарлады­ Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының баспасөз қызметі.

Ж.-Ш.Бертонэ Қазақстандағы дипломатиялық қызметін аяқтауда. Қ.Мәми жемісті қызметі мен екі­жақ­ты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін елшіге алғыс айтты.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмас­ты. «Бірлескен күш-жігердің арқасында біз Қазақстан-Франция қа­тынастарын стратегиялық әріп­тестік деңгейіне көтердік», деді Қ.Мәми. Сенат Төрағасы Қа­зақстан өз экономикасының басым бағыттарына француздың тікелей инвестициясы мен технологиясын тартуға мүдделі екенін жеткізді.

Елші Францияның Қазақстан­дағы мәдениет маусымы аясындағы іс-шаралар туралы әңгімеледі. Жүздесушілер, сонымен қа­тар, Қазақстан мен Франция ара­сындағы парламентаралық ын­ты­мақтастықтың келешегін де талқылады.

Соңғы жаңалықтар