Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Қазпошта» бөлімшелерінің саны қысқарды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Серсенов айтып берді.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Қазпошта» бөлімшелерінің саны қысқарды

«Қазір Нұр-Сұлтанда 34 бөлімшенің 10-ы, Алматыда 91 бөлімшенің 30-ы жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты да сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қысқартылды. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Қарағанды қаласында бөлімшелердің жұмыс уақыты 16:00-ге дейін, қалған аймақтарда 17:00-ге дейін қысқарды. Көптеген аймақтарда жергілікті биліктің сұрауымен бөлімшелеріміз демалыс күндері де тұрғындарға қызмет көрсетті», - деді басқарма төрағасы. 

Оның айтуынша, барлық бөлімшелердің жұмыс кестесі сайтта жаңартылып тұрады. «Қазпочта» қызметкерлері мен клиенттерінің денсаулығын сақтау үшін барлық шараларды қолдануда. Барлық бөлімшелерді дымқыл тазалау және дезинфекциялау үнемі жүргізіледі. Бөлімшеде қызмет көрсетілетін адам саны шектеулі.

«Біз клиенттерімізден қажеттілік болмаса почта бөлімшелеріне барудан бас тартуды, қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолдануды сұраймыз. Сайт және мобильді қосымша арқылы сәлемдемелерді үйге жеткізуге, курьерді шақырып жөнелтімді алып кетуге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, коммуналдық немесе басқа да төлемдерді төлеуге, мемлекеттік органдармен хат алмасуға мүмкіндік бар. Елдегі жағдайға қарамастан барлық пошташылар мен курьерлер хаттар мен газеттерді штаттық режимде жеткізуде», - деді Сәкен Сәрсенов.