Есірткі • Бүгін, 09:45

АҚШ-тан есірткіге тапсырыс берген екі күдікті сотталды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті халық тұтынатын тауарлар салынған сәлемдеме деген желеумен АҚШ-тан есірткі жеткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тан есірткіге тапсырыс берген екі күдікті сотталды

фото: ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын «гашиш» есірткі заты табылды.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері «Қазпошта» АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.

«Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды. Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды», делінген хабарламада.

Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркеліп, 57,3 кг есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, 206 мың дана анаболиктер (улы зат), және 1 680 дана «Тропикамид» көз тамшылары  тәркіленді.