Қарағандыда облыстың бас имамы Өмірзақ Бекқожаның қолдауымен «Мансұр» ТҚКО және «Аспап» ЖК кәсіпорындары бастама көтеріп, санитарлық блок-бекеттерде қызмет етіп жүрген ерлерге ыстық тамақ жеткізді.
Облыстың бас молдасы бұл шарапатты мол шаруаның мақтан, болмаса жалған бедел жинау үшін жасалмағанына бас мән берді.
– Бір-бірімізді қолдап, сөз көмегінен де, қол көмегінен де аянып қалмайық. Қиындықты біріккенде ғана еңсере аламыз. Өздеріңізді сақтаңыздар, карантин талаптарын орындаңыздар! – деді Өмірзақ Бекқожа.
Қайырымды кәсіпкердің бірі Қуандық Ғабдуалиев деген азамат екен. Кезінде өзі де тәртіп сақшысы болып қызмет етіпті.
– Бұрыңғы әріптестеріме қандай жуапкершілік артылғанын жақсы түсінемін. Осы қиын сәтте оларға моральдық қолдау көрсетіп, қайсар мінез көрсетіп жүргендері үшін алғыс айтқымыз келеді. Коронавирусты да жеңерміз, төтенше жағдай мен карантин де аяқталар. Уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген жерлестерім тезірек шаңырақтарына оралсын деп тілеймін! – дейді кәсіпкер.
Қарағанды облысы