04 Қыркүйек, 2013

Жерорта теңізінен ұшқан зымырандар

448 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жерорта теңізінен ұшқан зымырандар

Ресей Президенті Владимир Путинге Жерорта теңізі акваториясынан екі баллистикалық зымыран ұшырылғаны туралы хабарланған. Зымырандардың траекториясы теңіздің шығыс жағалауларына қарай бағытталса керек.

Зымырандардың ұшырылғанын Ресейдің тиісті құрылғылары кеше ертеңгісін байқаған. Журналистерге бұл ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығы жеткізген. Ресейдегі Сирия елші­лігінің өкілі өздерінде ешқандай мәлімет болмағандықтан, бұл оқиғаға түсінік бере алмайтындарын мәлімдепті. Ал Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде АҚШ-тың, Франция мен Ұлыбританияның әскери корабльдері орын тепкен.

Синайда содырларға соққы берілді

Мысырдың әскери-әуе күштерінің тікұшақтары кеше ертеңгісін Синай түбегіндегі исламшы содырлар шоғырланған орындар мен базаларға айтарлықтай соққы жасады. Бұл ақпаратқа қарағанда, нысаналарға кемінде «әуе-жер» сыныбындағы 13 зымыран жіберілген.

Соққы нәтижесінде ондаған қарулы жасақ қаза тауып, біршамасы жараланған. Мысыр әскерилерінің деректеріне қара­ғанда, соққы жасалған жерлерде ұрыс қимылдары біраз уақытқа дейін жалғасқан. Бұл арада соққының Каирдің Газамен шекарада 25 метрден 500 метр­ге дейін және ұзындығы 10 шақырымдық арнайы буферлі аймақ құру туралы ниеті бар екені мәлімделгеннен кейін жасалғанын айта кетейік.

Бердымұхамедов – жарыс жеңімпазы

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бер­ды­мұхамедов «Альфа Ромео» автожарысына қатысты. Бұл туралы елдің мемлекеттік TDH ақпарат агенттігі хабарлады. Жарыс ел астанасы – Ашғабад қала­сының аумағындағы автоспорт орталығында өткен.

Жарыс шартына сәйкес, қарсыластар жалпы қашықтығы 2340 метрді құрайтын үш айналым жасауы тиіс болған. Президенттің қарсыласы Евгений Галлини деген спортшы екен. Трибунадағы көрермендердің ду қол шапалақтауымен трекке шыққан ұлт көшбасшысы ә дегеннен-ақ жылдамдығын арттырып, қарсыласына еш дес бермепті. Көрермендер президенттерінің жеңісін ұзаққа созылған ду қол шапалақтаумен қарсы алса керек.

Мүлік комитетінен бүлік шықты

Қытайда Мемлекеттік кеңес жанындағы Мемлекеттік мүлікті бақылау және басқару жөніндегі комитет басшысы Цзян Цзэминь (ҚХР-дың бұрынғы төрағасымен аттас және тектес) қызметінен босатылды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Қызметінен босатылуына әдетте жемқорлық меңзелетін «айтарлықтай тәртіптік құқық бұзушылық» әрекеттері себеп болған. Агенттіктің хабарлауынша, Цзян Цзэминь Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің қазіргі құрамындағы осындай айып тағылған алғашқы мүше болып отырған көрінеді. Бұл «тәртіп бұзушылықтың» немен байланысты екені әзірше белгісіз.

Ойыншы сатудан әлемдік көшбасшы

Ресейдегі Махачкала қаласының «Анжи» футбол клубы 2013 жылдың жазында футболшылар сатудан пайда табу бойынша әлемде бірінші орын алды. Жаз маусымындағы трансферлік үзіліс кезінде «Анжи» сатқан футболшылардың жалпы сомасы 136,3 миллион еуроны құраған.

Махачкалалық клуб барынша көп ақшаны бразилиялық жартылай қорғаушы Виллианды Лондонның «Челсиіне» сатудан (39 миллион еуро) тапқан. Осы арада