Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Әскери міндеттілердің алғашқы легі борышын атқаруға кірісті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Әскери міндеттілерге қарата айтылған үндеу Алматы облысының аумағында тұратын ер-азаматтар арасында қызу талқыға түсті.

Алматы облысы: Әскери міндеттілердің алғашқы легі борышын атқаруға кірісті

Қазір Отан алдындағы борыныш өтеуге ниет білдірушілер саны көбейіп келеді. Ал жауапты іске бел буған ерлердің қатарында Қарасай ауданының азаматары алғашқы болып әскери жиынға қосылды. Аудан бойынша борыш атқаруға ынта білдірген екі жүзге жуық азаматтың жетпіс сегізі дәрігерлердің тексеруінен сүрінбей өтіп, қызмет етуге қабылданды.

Еріктілер аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарауына өтіп, Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде арнайы дайындықтан өтуде. Олар енді казармалық жағдай 10 күннен 3 айға дейін мерзімде тұрақтайды. Әскерилер бұдан әрі санитарлық бекеттердегі күзетте кезекшілік атқарып, індет ошағы мен қоғамдық орындарды, ауыл-аумақтағы мекеме, нысандарды заласыздандырып, дәрілеу жұмыстарына тартылады. Олардың алғашқы легі «Асыл Арман» тұрығн үй кешеніндегі күзет пен тұрғындарды қажетті заттармен қамтитын жедел топтардың құрамында жұмысын бастап та кеткен екен.

 

 

Алматы облысы